ЕҚЫҰ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі оқу вебинарын қолдайды
2021 жылғы 23 қыркүйекте Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі жаппай қырып-жою қаруын (ЖҚҚ) таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөнінде екі күндік оқу курсын аяқтады.
Курс Қаржы мониторингі агенттігімен және Қорғаныс зерттеулері біріккен корольдік институтымен (RUSI) бірлесіп 70-ке жуық мемлекеттік және жеке меншік сектор өкілдері үшін аралас форматта ұйымдастырылды.
Қатысушылар Ақшаны жылыстатумен күресудың қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) стандарттары және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің ЖҚҚ әзірлеу үшін қаржы ағындарын болдырмауға және алдын кесуге қатысты қарар талаптары туралы білді. Іріктеп алынған практикалық кейстердің арқасында олар ЖҚҚ таратуды қаржыландырудың үрдістерімен және индикаторларымен, сондай-ақ таратуды қаржыландыру қауіптеріне шалдыққыштыққа әсер ететін аймақтық және елдік факторларымен танысты. RUSI сарапшылары ЖҚҚ таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік-жеке серіктестіктің озық тәжірибесімен бөлісті және таратуды қаржыландыру қауіптерін бағалаудың әдіснамасын ұсынды.
Оқу курсы Бағдарламалар офисінің тиісінше басқаруды ілгері бастыру және ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландырумен күресу бойынша жасап келе жатқан көпжылдық әрекеттерінің бір бөлігі болып табылады.