ЕҚЫҰ адам құқықтары мен бостандықтары бойынша вебинарлар сериясын қолдайды
2021 жылы 30 қыркүйекте ЕҚЫҰ қолдауымен тақырыптық адам құқықтары мен бостандықтары туралы онлайн-вебинарлар сериясы басталды. Вебинарлар 2021 жылдың 10 қарашасына дейін өткізіледі. Іс-шараға азаматтық белсенділер, құқық қорғаушылар мен мемлекеттік қызметкерлерден тұратын шамамен 46 қатысушы қатысты.
ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі бұл шараны Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюросымен бірлесе ұйымдастырды. Вебинар адам құқықтары тұрғысындағы Қазақстанға бағытталған. Үш ұлттық сарапшы Қазақстандағы адам құқықтары мен бостандықтары жағдайына шолу жасап, адам құқықтары саласында қызмет ететін адамдардың кездестіретін кейбір қиындықтары туралы талқылады.
Қатысушылар пандемия жағдайындағы адам құқықтары мен бостандықтарын сақтаудағы кейбір мәселелерді халықаралық құқық жағынан талқылады.
Семинарлар сериясы қабылдаушы елге адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын нығайтуда қолдау көрсету жөніндегі Бағдарламалар офисі жұмысының бір бөлігі болып табылады.