Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын мониторингілеу Қазақстандағы ЕҚЫҰ қолдауымен өткізілетін онлайн семинардың назарында
2021 жылдың 14 қыркүйегінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын сақтау бойынша тәуелсіз мониторингке жәрдемдесу бойынша екі күндік онлайн семинар аяқталды.
Оқу семинарын Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі және «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясымен бірлесіп ұйымдастырды және оған Қазақстанның әр түкпірінен 15 құқық қорғаушылар қатысты.
Қатысушылар ұлттық сарапшылардан адам құқықтарының негізгі тұжырымдамалары, оның ішінде жеке басының қадір-қасиеті мен кемсітпеушілік құқығы, ұлттық заңнама және мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясында көзделген мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын сақтау мониторингі бойынша тиісті тетіктер туралы білді.
Іс-шара қабылдаушы елге неғұрлым инклюзивті және өкілдікті қоғамды құрудағы қолдау көрсетудегі Бағдарламалар офисінің күш-жігерінің бөлігі болып табылады.