ЕҚЫҰ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен онымен күресудің заманауи әдістері бойынша вебинар өткізуге қолдау көрсетеді
2021 жылы 27 тамызда Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен онымен күресудің заманауи әдістері бойынша бес күндік тренинг вебинарын аяқтады.
Бес күнге созылған іс-шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жоспарлаудың, бақылаудың және бағалаудың соңғы тенденциялары туралы білді, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жоспарлаудың заманауи құралдарын меңгерді.
Cонымен қатар, қатысушылар сыбайлас жемқорлық жағдайларын бағалау мен талдауға арналған интернет-технологияларға назар аударды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің құқықтық және практикалық аспектілерін қарастырды.
Вебинар Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен бірлесіп ұйымдастырылды; оған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің, Бас прокуратураның және Төтенше жағдайлар министрлігінің 50-ге жуық өкілі қатысты.
Оқу вебинары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағдарланған тиісті басқаруға қолдау көрсету бойынша Бағдарламалар офисінің көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.