ЕҚЫҰ Қазақстандағы стратегиялық талдау бойынша бағытты қолдайды
2021 жылғы 23 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған Эгмонт Тобының стратегиялық талдау жөніндегі төрт күндік курсы аяқталды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) жиырмаға жуық өкілі Словения мен Молдованың екі халықаралық сарапшысының қатысуымен аралас форматта өткізілген іс-шараға қатысты. Алты модульдік курстың барысында ҚМА қызметкерлері стратегиялық талдаудың негізгі тұжырымдамалары, құрылымдық-аналитикалық тәсілдері және оның даму кезеңдері туралы білді. Сарапшылар құзыретті мемлекеттік органдар мен қаржы мониторингі субъектілері ұсынатын ақпаратты талдаудың және өңдеудің әдіснамалық тәсілделінің практикалық мысалдарымен бөлісті.
Эгмонт Тобы қаржылық барлау бөлімшелерінің (ҚББ) Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің, G20 Қаржы министрлерінің және Ақшаны жылыстатумен күресудің қаржылық іс-шараларын әзірлеу тобының қарарлары мен мәлімдемелеріне сәйкес ақшаны жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен күресте сараптамамен және қаржылық барлау деректерімен алмасу үшін платформамен қамтамасыз ететін бірлестік болып табылады. Халықаралық стандарттар ҚББ-ң бүкіл әлем бойынша жұмыс істеуі үшін негізді қамтамасыз етеді.
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі ақшаны жылыстатумен күрес жөніндегі қаржылық іс-шараларды әзірлеу тобының стандарттарына сәйкес қабылдаушы мемлекеттегі Ақшаны жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен күрес жүйесін тиісінше басқаруды ілгері бастыру және жетілдіру жөніндегі Офистің көпжылдық еңбегінің аясында Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп іс-шара ұйымдастырды.