ЕҚЫҰ Қазақстандағы экологиялық мәселелер жөніндегі кітаптың тұсаукесерін қолдайды
2021 жылғы 17 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен «Ертең бәрі кеш: Қазақстанның экологиялық бомбасы» атты кітаптің тұсаукесері өтті. Кітапті Досым Сәтпаевтың жеке қоры Қазақстан-Неміс университетімен, Фридрих Эберт қорымен және Living Asia эко-журналымен серіктестікте дайындады.
Іс-шара негізгі экологиялық проблемаларға арналды және экологиялық тәуекелдер мен елдегі экономикалық тұрақсыздық арасындағы байланысты көрсетуге бағытталған. Іс-шараға Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, халықаралық ұйымдар мен ғылыми топтардың 20-ға жуық өкілі қатысып, кітаптағы негізгі тұжырымдар мен ұсыныстар негізінде экологиялық тәуекелдерді талқылады.
YouTube сайтында қолжетімді қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықты әзірлеуге 30 жергілікті сарапшы қатысты. Кітап су ресурстары, ауа сапасы, қалдықтарды басқару, топырақтың тозуы, биоәртүрлілік, климаттың өзгеруі және энергетика саласы сияқты жеті тақырыптан тұрады.
Аталған іс-шара негізгі экологиялық проблемалар туралы хабардарлықты арттыру және қабылдаушы елде тұрақты даму тәжірибесін ілгерілету жөніндегі Бағдарламалар офисінің көпжылдық күш-жігерінің бөлігі болып табылады.