ЕҚЫҰ браконьерлермен қақтығыстардың салдарын жеңілдету бойынша оқу семинарын қолдайды
21-23 маусым аралығында Өскеменде Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі құқық қорғау органдары Академиясымен серіктестікте браконьерлікке қарсы іс-қимыл бойынша оқыту семинар ұйымдастырды.
Оған құқық қорғау органдары Академиясының, Охотзоопромның (жабайы табиғатты қорғау қызметі) және орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 27 өкілі (20 ер адам, 7 әйел адам) қатысты. Семинарды құқық қорғау саласының үш сарапшысы - заңгер, делдал және психология маманы өткізді. Ол браконьерлермен болуы мүмкін жанжалды жағдайларды шешудің әртүрлі әр түрлі аспектілерге арналған болатын.
Семинар барысында қатысушылар атыс қаруын қолданудың заңды жағдайларымен және ықтимал бұзушылармен дағдарыстық өзара іс-қимыл әдістерімен танысты. Тренингке сонымен қатар жекпе-жек өнері жаттықтырушысы жүргізген Охотзоопром қызметкерлері үшін жанжалды басқару және өзін-өзі қорғау жаттығулары кірді.
Аталған іс-шара Қазақстанның табиғатты қорғау органдарының браконьерлікпен күресті қолдау арқылы олардың әлеуетін арттыру жөніндегі Бағдарламалар офисінің көпжылдық күш-жігерінің бір бөлігі болып табылады.