ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі Қазақстандағы киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі семинарларды қолдайды
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалана отырып жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау және тергеу әдіснамасы, қылмыстық құқық және компьютерлік қылмыстың криминологиялық сипаттамасы бойынша екі оқыту онлайн-семинары 2021 жылғы 30 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында аяқталды.
Іс-шараларды Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен/ Жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі хабпен ынтымақтастықта ұйымдастырды.
Семинарларға Қазақстанның құқық қорғау органдарының 25 қызметкері қатысты. Беларусь елінің халықаралық сарапшылары қатысушыларды киберқылмыс тұжырымдамасымен, олардың себептері мен шарттарымен, осындай қылмыстарға қарсы халықаралық құқықтық реттеумен, жоғары технологиялық қылмыстың криминологиялық сипаттамасымен және хакердің жеке басының криминологиялық сипаттамасының негізгі белгілерімен таныстырды. Сондай-ақ, олар АКТ-ны қолдана отырып жасалған компьютерлік қылмыстардың криминологиялық сипаттамасын, олардың қылмыстық-құқықтық біліктілігін және осы қылмыстардың халықаралық-құқықтық жіктелуін ұсынды.
Аталған оқыту іс-шаралары Қазақстандағы киберқылмысқа қарсы іс-қимылда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуетін арттыру жөніндегі Бағдарламалар офисінің көп жылғы күш-жігерінің бір бөлігі болып табылады.