ЕҚЫҰ Қазақстандағы қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша оқыту семинарларын бастады
2021 жылғы 19 мамырда ЕҚЫҰ қолдауымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) Конвенциясының талаптарына сәйкес Қазақстанда қоршаған ортаға әсерді бағалаудың тиімді жүйесін (ҚОӘБ) әзірлеу және қолдану бойынша оқыту семинары бастады.
ҚОӘБ - бұл жоспарлау және шешім қабылдау кезінде жоспарланған іс-әрекеттің қоршаған орта мен денсаулық жағдайына әсер ету мәселелерін қарастыруға, сондай-ақ жасыл экономикаға көшу процесіне ықпал ететін халықаралық танылған құрал.
Апта сайын екі күндік тренинг курстарына бөлінген төрт апталық онлайн семинар 16 маусымға дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, өңірлік экология департаменттері және ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен өткізіледі. Оқытудың тақырыптары ҚОӘБ теориялық аспектілер мен практикалық жаттығуларды қамтиды, онда қатысушылар нақты жағдайларды олардың Эспо Конвенциясының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан талдай алады.
19-20 мамырдағы сессияларда 60-қа жуық қатысушы ҚОӘБ тиімді қолданудың рәсімдері мен артықшылықтары туралы барлық мүдделі тараптардың хабардарлығын арттыруға бағытталған сессияға қатысты. Іс-шараны ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі БҰҰ ЕЭК-пен, БҰҰ PAGE бағдарламасымен (Жасыл экономика бойынша іс-қимылдарға арналған әріптестік) және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен ынтымақтастықта ұйымдастырды.
Аталған іс-шара Офистің экологиялық қауіпсіздікті нығайту үшін жасыл өсу және орнықты даму қағидаттарын ілгерілету жөніндегі көп жылғы күш-жігерінің бір бөлігі болып табылады.