ЕҚЫҰ мәлімдеушілерді қорғаудың үздік тәжірибелері бойынша вебинарды өткізуге қолдау көрсетеді
ЕҚЫҰ-ның қолдауымен сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәлімдеушілерді қорғау бойынша жарты күндік оқу вебинар 2021 жылы 26 наурызда Нұр-Сұлтанда аяқталды.
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі бұл шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Aгенттігімен серіктестікте ұйымдастырды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және азаматтық қоғамның 35 өкілі іс-шараға қатысты. Іс-шара куәгерлерді қорғаудың практикалық аспектілеріне және сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы есеп беруді үшін ынталандыру шараларын анықтауға бағытталған.
Халықаралық сарапшылар сыбайластыққа қатысты мәселелерді мәлімдеушілер ұсынған ақпараттардың дұрыстығы мен растығы тұрғысынан түсіндірді. ЭЫДҰ елдері көрсеткен мысалға негізделген сыбайлас жемқорлықтың күдікті әрекеттері туралы хабарлауды жеңілдететін арналарға ерекше назар аударылды.
Оқу вебинары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағдарланған тиісті басқаруға қолдау көрсету бойынша Бағдарламалар офисінің көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.