ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар Офисі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне ұшқышсыз ұшу аппаратты ұсынды
2021 жылдың 5 қаңтарында ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар Офисі жалдау келісіміне қол қою кезінде Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына мамандандырылған ұшқышсыз ұшу аппаратын (ҰҰА) тапсырды.
Жабдықты ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар Офисі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен ұзақ мерзімді ынтымақтастық шеңберінде бұрын қол жеткізілген келісімдерді нақты орындау үшін сатып алды.
ҰҰА көптеген міндеттерді орындауға арналған - орман өрттерін басқарудан бастап, шалғай аудандардағы браконьерлікті қадағалауға дейін және сирек кездесетін және құрып кету қаупі төніп тұрған жануарлардың түрлерін бақылауға дейін. Жабдық кез-келген ауа-райы жағдайында жұмыс істей алады және кең диапазоны мен ұшу биіктігіне ие. Сондай-ақ, ол зарядтаусыз ауада көп уақытты өткізе алады.
«Біз Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау ұлттық органдарына қолдау көрсету шеңберінде мамандандырылған ҰҰА сатып алу туралы шешім қабылдадық. Мұндай құрылғылар көптеген елдерде өзін-өзі тиімді деп таныды және қоршаған ортаны қорғау іс-шараларында сәтті қолданылады», - деді Дьердь Сабо, ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар Офисінің басшысы. «Біз осы күрделі жабдық Комитеттің мүмкіндіктерін арттырып, оның жеке құрамы мен инспекторларын жергілікті жерде оқытуға қолдау көрсететініне сенімдіміз».
Жабдықтарды тапсыру шеңберінде ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар Офисі екі инспектор үшін ҰҰА пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша оқытуды қолдайды.