ЕҚЫҰ Қазақстанда сот органдарының БАҚ-пен өзара іс-қимылды жетілдіру бойынша онлайн оқыту семинарын ұйымдастыруда
2020 жылдың 5 желтоқсанында Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ-ның қолдауымен судьялар-үйлестірушілер мен баспасөз хатшыларына коммуникация саласындағы әлеуетті арттыру және БАҚ-пен өзара іс-қимылды жетілдіру бойынша оқыту семинары аяқталды.
Екі күндік оқыту семинары сот төрелігі жүйелеріне халықтың сенімін арттыру және соттар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы тиімді байланыс сияқты тақырыптарды қамтыды. Сондай-ақ, пікірталастар әр түрлі арналар арқылы, оның ішінде әлеуметтік желі арқылы журналистермен және көпшілікпен қарым-қатынас жасаудың озық тәжірибесіне назар аударды. Қатысушылар қоғамдық сұхбаттасуға және баспасөз конференциясына дайындалу, жанжалды жағдайларды шешу, өзара әрекеттесу және әлеуметтік желілердегі маңызды ақпараттарға жауап беру тәсілдерін үйренді, сонымен қатар кейбір практикалық мысалдарды қарастырды. Іс-шара шеңберінде ақпаратты тиімді ұсыну үшін жаңа медиа құралдарын және бейнежазбаны пайдалану бойынша сессия өткізілді.
Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен қырыққа жуық үйлестіруші судьялар мен баспасөз хатшылары қатысты. Семинарды ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалық офисі, Жоғарғы Сот және Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қоры ұйымдастырды.
Іс-шара соттар мен БАҚ арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету бойынша Бағдарламалар офисінің көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.