Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстандағы гендерлік теңдік және адам құқықтары бойынша тренингтер сериясын іске қосуда
2020 жылғы 20 қарашада Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі қолдаған әйелдердің гендерлік перспективалары мен адам құқықтарына арналған оқыту семинары аяқталды.
Семинардың мақсаты - гендердің негізгі тұжырымдамаларын, гендерлік теңдікті ілгерілетуге жәрдемдесу, сондай-ақ әйелдердің саяси және экономикалық құқықтарын көтермелеу құралдары мен стратегияларын қатысушылардың жақсы түсінуін кеңейту. Семинар барысында қатысушылар гендерлік теңдікті күшейту үшін ұлттық және халықаралық құқықтық құралдармен таныстырылды, сондай-ақ Әлеуметтік саясат құралы ретінде гендерлік проблематиканы есепке алу тұжырымдамасы және осы тұжырымдаманы өңірлік және жергілікті деңгейлерде іске асыру әдістері талқыланды.
Іс-шараға жиырма төрт әйел қатысты. Іс-шараны 2020 жылғы желтоқсаннан бастап 2021 жылғы ақпанға дейін гендерлік мәселелер мен қауіпсіздік секторына, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауға, гендерлік тілге және бұқаралық ақпарат құралдарына арналған осындай бес семинар жалғастырады.
Іс-шара қабылдаушы елде гендерлік ұстанымды ілгерілетуге және экономикалық бастамаларды кеңейтуге бағытталған Бағдарламалар офисінің көпжылдық жұмысының бөлігі болып табылады.