ЕҚЫҰ Орталық Азиядағы жастар арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етуде
Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның ЕҚЫҰ қаржыландыратын Орталық Азия Жастар Желісінің (CAYN) жиырма төрт түлегі және басқа жас өкілдері 2020 жылы 29 және 30 қазанда COVID-19 пандемиясының қалайша қауіпсіздікке, экономикаға мен білімге әсер еткені туралы онлайн семинарға қатысты.
Семинар барысында болып жатқан пандемияның жастар өміріне әсері туралы интерактивті сессиялар мен Қазақстан, Ресей, Украина және АҚШ-тың халықаралық сарапшыларымен, сонымен қатар CAYN түлектері мен жас қатысушылармен пікірталастар өткізілді. Басқа тақырыптармен қатар, жұмысқа орналасу мен психикалық денсаулыққа баса назар аударылды, және қатысушылар осы проблемаларды қалай шешуге болатындығы туралы идеяларды зерттеді. Іс-шара сонымен қатар кәсіби желі құрудың алаңы болды.
Гавхархон Мамаджонова, Тәжікстанның қатысушысы: «Бұл семинар әр жылдардағы CAYN түлектерінің басын қосып, әрқайсымыздың өмірімізге әсер еткен қазіргі әлемдік тенденциялар туралы түсінік алуға мүмкіндік берді. Семинарға қатысу маған осы тенденциялар туралы білуге және соған сәйкес дайындалуға көмектесті».
2004 жылдан бастап CAYN Орталық Азияның, Ауғанстанның және Моңғолияның жас көшбасшыларын қазіргі қауіпсіздік қатерлерін және оларға жауап берудегі ЕҚЫҰ рөлін түсіну үшін аймақтық байланыстар құру және дамыту үшін біріктірді.
«Орталық Азиядағы жастар арасында берік байланыс орнатуда ЕҚЫҰ-ның үлесі орасан зор. Тұрақты семинарлар арқылы ол өзара түсінушілік пен өзара байланысты нығайтып, Орталық Азия аймағында жергілікті деңгейде туындауы мүмкін болашақ оң өзгерістерге орын қалдырып отыр», - деді Өзбекстанның қатысушысы Бахром Миракилов. «ЕҚЫҰ қаржыландыратын Орталық Азия Жастар Желісі жастарды аймақтық бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тығыз өзара әрекеттесуді насихаттауға шақырады».
Бішкектегі ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен бірлесіп, ЕҚЫҰ-ның аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздікті құрудағы жастардың рөлін ілгерілету жөніндегі міндеттемесі аясында CAYN кездесуін ұйымдастырды.