Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі қазақ тілді журналистерді дата журнализм бойынша оқытуда
2020 жылдың 28-30 қазанында Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі қазақ тілді журналистерді өз жұмысында деректерді қолдану бойынша құралдарды пайдалануды үйрету бойынша үш күндік онлайн семинар ұйымдастырды.
Ұлттық сарапшылар үкіметтің ашық деректерімен жұмыс жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін өңдеу бойынша презентация жасады. Сонымен қатар презентациялар үлкен деректерге деген жаңа тәсілдерге және медиа материалдарды құру, талдау және қорғау үшін деректерді визуализациялауға бағытталды. Қатысушылар дата журнализмнің озық тәжірибелерін зерттеп, қолда бар деректерді пайдалана отырып, БАҚ үшін бірнеше мақалалар дайындады.
Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларының дата бөлімдерінің 15-ке жуық өкілі қатысты.
Іс-шара ЕҚЫҰ қағидаттары мен міндеттемелеріне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту мен сөз бостандығын ілгерілету бойынша Бағдарламалар офисі жұмысының бір бөлігі болып табылады.