Қазақстандағы сөз бостандығы және диффамацияны сот арқылы реттеу ЕҚЫҰ қолдауымен өткізілген онлайн-семинардың басты назарында
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Жоғарғы Сот, «Құқықтық медиа-орталығы» ҮЕҰ, Интерньюс Қазақстан және Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігімен (USAID) бірлесе отырып, 2020 жылдың 22 қазанында сөз бостандығын қорғау және диффамацияны сот арқылы реттеу мәселелері бойынша онлайн семинар ұйымдастырды. Семинарға Жоғарғы Соттың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық соттары мен елдің барлық облыстық соттарының елу сегіз судьялары қатысты.
Іс-шарада қатысушылар диффамация туралы істерді қарау тәжірибесі мен практикасы туралы білді, және ресейлік үкіметтік емес ұйымның сарапшысы қатысушыларға диффамацияның сот практикасының Ресей Федерациясында қалай қолданылатындығын түсіндірді. Семинарда сонымен бірге беделді қорғауға байланысты сот ісі қаралды, қатысушылар өз жұмыстарында оларды қалай қолдануға болатын түрлі тәсілдерді талқылады.
Іс-шара ЕҚЫҰ қағидаттары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ бостандығы мен сөз бостандығын ілгерілету бойынша Бағдарламалар офисі жұмысының бір бөлігі болып табылады.