ЕҚЫҰ Қостанай облысындағы экологиялық проблемаларды талқылау жөніндегі дөңгелек үстелді қолдауда
2020 жылдың 15 қазанында Қостанай қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстандағы экологиялық проблемаларды талқылауға арналған өңірлік үш дөңгелек үстелдердің біріншісі аяқталды. Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Экологиялық ұйымдар қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған екі күндік іс-шараға 25 -ке жуық жергілікті билік органдары, бизнес қоғамдастық және экологиялық ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Қатысушылар канализациялық тазарту құрылыстары нысандарын, сондай-ақ Қостанай қаласындағы қоқыс сұрыптау желісін аралады. Сонымен қатар, Қостанай облысындағы негізгі экологиялық проблемалар, сондай-ақ мемлекет өкілдері, экологиялық көшбасшылар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен оларды шешу жолдары туралы дөңгелек үстел өтті.
Келесі мониторингтік сапарлар эпидемиологиялық жағдайға байланысты Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында өтетін болады.
Іс-шара қабылдаушы мемлекеттегі экологиялық қауіпсіздікті нығайту үшін Бағдарламалар офистің «жасыл» экономика қағидаттарын ілгерілету және тұрақты даму қағидаттарын енгізу бойынша ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлігі болып табылады.