ЕҚЫҰ журналистерге арналған деректерді талдау бойынша онлайн оқыту семинарын ұйымдастыруда
Онлайн оқыту семинары 2020 жылдың 3 қазанында ЕҚЫҰ қолдауымен аяқталды. Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі қазақ тілді журналистердің деректерді басқарудағы біліктілігін арттыру мақсатында үш күндік іс-шараны ұйымдастырды.
Ұлттық сарапшылар контентті әзірлеу, талдау және оны алға жылжыту үшін үлкен деректермен жұмыс және деректерді визуализациялаудың жаңа тәсілдерін көрсетті. Олар ашық ақпарат көздерінен алынған әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін өңдеу әдістерін ұсынды. Қатысушылар деректер журналистикасы мен үлкен деректерді пайдалану кезіндегі сыни ойлаудың үздік тәжірибелерін зерттеді. Қатысушылар мәліметтерді жинау және өңдеу дағдыларын нығайта отырып, білімдерін практикалық жаттығуларда қолдануға мүмкіндік алды. Олар сондай-ақ деректерді визуалдау қосымшаларымен таныстырылды.
Іс-шараға медиа қоғамдастықтың 15-ке жуық өкілі қатысты.
Іс-шара ЕҚЫҰ тұжырымдамалары мен міндеттемелеріне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға мен сөз бостандығын ілгерілетуге бағытталған Бағдарламалар офисінің қызметінің бір бөлігі болып табылады.