ЕҚЫҰ Орталық Азия мен Ауғанстаннан келген жас кәсіпқойлар мен мемлекеттік қызметшілер үшін климаттың өзгеру салдарын азайту жөніндегі онлайн-семинарды қолдауда
2020 жылғы 22 қыркүйекте Алматыда ЕҚЫҰ қолдауымен Орталық Азиядағы климаттың өзгеру салдарына бейімделу және оларды азайту бойынша оқыту семинары аяқталды.
Екі күндік іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстан-Неміс Университетімен бірлесіп, Орталық Азия мен Ауғанстандағы қоршаған ортаны қорғаумен, климаттың өзгеруімен және су ресурстарын басқарумен айналысатын 25-ке жуық мемлекеттік қызметкердің қатысуымен ұйымдастырды. Қатысушылар су ресурстарын басқару, халықаралық құқық және климаттың өзгеруі тұрғысынан су қауіпсіздігін реттеу аясында климаттың өзгеруінің негізгі салдарын және жастардың экологиялық мәселелерді шешуге қатысуын талқылады.
Оқыту семинары 2020 жылдың 14-18 қыркүйек аралығында өткен Орталық-Азиялық көшбасшылық бағдарламасының жалғасы болып табылады. Семинар негізгі экологиялық проблемалар туралы хабардарлықты арттыру және өңірлердің кәсіпқойлары арасында желілер құру арқылы жас мемлекеттік қызметшілер мен болашақ шешім қабылдаушылардың әлеуетін нығайтуға бағытталды.
Аталған іс-шара Орталық Азия мен Ауғанстанда жастарды тарту және қоршаған орта саласындағы көшбасшылықты ілгерілету жөніндегі Бағдарламалық офистің ұзақ мерзімді күш-жігерінің бір бөлігі болып табылады.