ЕҚЫҰ Қазақстанда сөз бостандығы және диффамация істерін сот арқылы реттеу бойынша онлайн семинар ұйымдастыруда
Сөз бостандығы және диффамацияны сот арқылы реттеу бойынша семинар ЕҚЫҰ қолдауымен 2020 жылғы 24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өткізілді. Іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Жоғарғы Сотпен, «Құқықтық медиа-орталық» ҮЕҰ-мен, Интерньюс Қазақстан және Халықаралық даму бойынша АҚШ агенттігімен (USAID) бірлесіп ұйымдастырды.
Жоғарғы Соттың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және еліміздің барлық облыстарынан келген қырық судья, сондай-ақ Жоғарғы Сот жанындағы Сот Төрелігі Академиясының студенттері диффамациялық істерді сот арқылы реттеудің озық халықаралық тәжірибесімен танысты. Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың (АҚЕС) судьясы АҚЕС азаматтық, әкімшілік және қылмыстық сот ісін жүргізуде диффамация туралы істерді қалай қарастыратыны туралы өз білімдерімен және тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар диффамациялық істердің Еуропалық сотта қарастыру бойынша халықаралық стандарттары туралы білді.
Іс-шара ЕҚЫҰ ұстанымдары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ еркіндігін және сөз еркіндігін ілгерілету бойынша Офис қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.