ЕҚЫҰ конфликтіге сезімтал тақырыптарды баяндау бойынша онлайн семинарды ұйымдастыруда
![](https://www.osce.org/files/imagecache/10_large_gallery/f/images/hires/8/e/462990.png?1599477863)
ЕҚЫҰ қолдауымен өткен конфликтіге сезімтал тақырыптарды баяндау бойынша онлайн семинарға бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми орта, халықаралық ұйымдардың, журналистер мен блогерлердің 20-ға жуық өкілі қатысты. Іс-шараны 2020 жылдың 7 қыркүйегінде Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалық офисі ұйымдастырды.
Қатысушылар конфликт зонасында баяндау кезіндегі журналистердің қауіпсіздігі туралы ақпаратпен танысты және оларға оқиғаларды ақпараттық баяндауды қамтамасыз ету үшін конфликтті талдаудың қажетті құралдары түсіндірілді. Олар конфликттеуші тараптар өтетін циклдар туралы білді. Қатысушылар журналистер мен блогерлер қақтығыстарға араласпау және оқиғаны дұрыс баяндау үшін өзін қалай ұстау керектігі туралы ақпаратты жақсарту жолдарын қарастырды. Қатысушылар интерактивті тәсілді қолдану арқылы іс-шарада алған дағдыларын практикалық тапсырмада қолдану мүмкіндігін пайдаланды.
Іс-шара Офистің ЕҚЫҰ ұстанымдары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ еркіндігін және сөз еркіндігін ілгерілету бойынша қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.