Мүгедектігі бар адамдардың сайлауға қатысуы Қазақстандағы ЕҚЫҰ қолдауымен өткізілетін онлайн-семинардың назарында
ЕҚЫҰ қолдауымен мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтары туралы алты күндік онлайн-семинар 2020 жылдың 24 тамызында басталды. Іс-шараның мақсаты қатысушыларға сайлауға түсудің жеке жоспарын құрудағы мүмкіндіктерін арттыруға көмектесу болды.
Оқу семинарын Нұр-Султандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі және «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясымен бірлесіп ұйымдастырды және оған Қазақстанның әр түкпірінен 45 мүгедектігі бар тұлғалар қатысты.
Қатысушылар ұлттық сарапшылардан адам құқықтарының негізгі тұжырымдамалары, оның ішінде жеке басының қадір-қасиеті мен кемсітпеушілік құқығы, ұлттық заңнама және мүгедектігі бар адамдардың белсенді және енжар сайлау құқықтарын іске асырудың тиісті тетіктері туралы білетін болады. Сайлау технологияларына және сайлау науқандарын өткізуге ерекше назар аударылады.
ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сарапшысы мүгедектігі бар адамдардың саяси қатысуының халықаралық қағидаттары мен стандарттары және ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің осыған қатысты озық тәжірибелері туралы сессияны ұсынады.
Іс-шара қабылдаушы елге неғұрлым инклюзивті және өкілдікті қоғамды құрудағы қолдау көрсетудегі Бағдарламалар офисінің күш-жігерінің бөлігі болып табылады.