Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі жеке өмірді қорғау және дербес деректер бойынша онлайн семинарды ұйымдастыруда
2020 жылы 20 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі жеке өмірді қорғау және дербес деректер бойынша онлайн семинарды ұйымдастырды.
Іс-шара жеке өмірді және дербес деректерді қорғауды реттейтін ұлттық заңнамаға және халықаралық стандарттарға, сондай-ақ осы саладағы халықаралық және ұлттық сот практикасына арналды. Сонымен бірге, талқылаулар өз бейнесіне құқық пен видео мен бейнелерді қолдану кезіндегі құқықтық қауіптер мәселелеріне қатысты өтті.
Іс-шараға 60-қа жуық БАҚ, ғылыми орта, азаматтық қоғамның өкілдері мен заңгерлер қатысты. Қатысушылар өздері қойған сұрақтарына сарапшылардан онлайн түрде жауап алуға мүмкіндіктері болды.
Бұл іс-шара ЕҚЫҰ ұстанымдары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ дамуына қолдау көрсету және пікір білдіру бостандығы бойынша Бағдарламалар офисі жұмысының бір бөлігі болып табылады.