Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі экологиялық волонтерлік бойынша вебинарлар сериясын ұйымдастыруда
2020 жылғы 7 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстанда эко-волонтерлік пен көшбасшылықты ілгерілету жөніндегі үш вебинардың соңғысы аяқталды.
Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 200-ден астам жас экологиялық көшбасшылар мен волонтерлар Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен ынтымақтастықта Экологиялық ұйымдар қауымдастығы ұйымдастырған вебинарға қатысты.
Онлайн вебинарлар/презентациялар барысында қатысушылар маңызды экологиялық проблемалар, көміртегі ізін азайтудағы тенденциялар және жастар арасында эко-волонтерлікті танымал ету тәсілдері туралы білді.
Тиісті экологиялық басқару саласындағы ұлттық және халықаралық сарапшылар тұрақты даму мақсаттарын алға жылжыту үшін әлеуметтік медиа платформалар, экологиялық волотерлікке әсер ететін факторлар және экологиялық волонтерлік бағдарламаларға бағытталған онлайн бағдарламалар сияқты тақырыптарды қамтыды.
Сонымен қатар, COVID-19 жағдайына байланысты Қазақстанның кейбір аймақтарында табиғаттағы қоқыс көлемін азайту және экологиялық проблемаларға назар аудару мақсатында эко-волонтерлардың қатысуымен қоқыс жинау іс-шаралары жүргізілетін болады.
Бұл іс-шара Орталық Азия өңірінде және одан тыс жерлерде жас эко-көшбасшылар желісін нығайту жолымен жасыл өсу мен тұрақты дамуды ілгерілету жөніндегі Бағдарламалар офисінің көпжылдық күш-жігерінің жалғасы болып табылады. Сондай-ақ, іс-шара Қазақстан Президентінің 2020 жылы Волонтерлар жылын өткізу туралы бастамасына сәйкес келеді.