ЕҚЫҰ және БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы қазақстандық шенеуніктерді терроризмді қаржыландыруды тоқтатуға үйретуде
Қазақстанның террористік желілерді қаржыландыруға кедергі келтіретін мүмкіндіктерін күшейтуге бағытталған үш күндік оқу курсы 2019 жылғы 7 қарашада Бурабай қаласында өтті.
Курсқа Бас прокуратураның, Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, Қаржы мониторингі комитетінің, Ішкі істер министрлігінің және Мемлекеттік күзет қызметінің он үш қазақстандық мамандары мен практиктері қатысты.
Курсты ЕҚЫҰ-ның Трансұлттық қауіптер департаменті, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, Ақшаны жылыстатуға қарсы жаһандық бағдарламасы және Орталық Азиядағы Өңірлік бюро бірлесіп ұйымдастырды. Халықаралық сарапшылар тренингті ЕҚЫҰ және БҰҰББ ұйымдастырған Венада тренерлер-курсында оқыған төрт жергілікті мемлекеттік қызметшілермен бірге өткізді.
Нақты жағдайларға негізделген локализацияланған сценарийлерге назар аудара отырып, тренерлер қатысушыларды күрделі аналитикалық және жедел жоспарлау әдістерімен таныстыра алды. Олар ведомствоаралық ынтымақтастық лаңкестіктің қаржылық желілерін бұзуға қалай ықпал ете алатындығын және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл құралдары мен әдістерін қолдану дағдыларын қалай нығайтуға болатындығын білді.
Жекелеген оқу-жаттығу ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша еуразиялық топтың алдағы өзара бағалауына арналды.
Германияның қаржылық қолдауымен бұл курс Орталық Азиядағы терроризмді қаржыландыруға қарсы ұлттық күш-жігерді қолдау үшін әлеуетті дамытудың кешенді көп жылдық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.