ЕҚЫҰ Қазақстандағы медиа-заңнама бойынша дөңгелек үстелді қолдауда
2020 жылдың 28 ақпанында Нұр-сұлтан қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстандағы БАҚ туралы заңнамаға арналған дөңгелек үстел өтті. Оған мемлекеттік сектордан, халықаралық ұйымдардан 30-ға жуық өкіл, заңгерлер, журналистер мен медиа саласындағы сарапшылар қатысты.
Талқылау кезінде БАҚ туралы заңнамаға күтілудегі түзетулерге бас назар аударылды.
Қатысушылар сөз бостандығына және халықаралық стандарттарына сәйкес БАҚ туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру үшін заң шығарушылар мен БАҚ сарапшылары үшін ұсынымдар тізімі мен "жол картасын" дайындады. Қатысушылар мемлекет пен БАҚ өзара қарым-қатынасының халықаралық және ұлттық озық тәжірибелерін, сондай-ақ Интернеттегі ақпаратты, жаңа бұқаралық ақпарат құралдарын заңнамалық реттеу мәселелерін, диффамация, БАҚ-ты қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шаралары сұрақтарын талқылады.
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі бұл шараны "Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры және ARTICLE 19-бен бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шара Офистің ЕҚЫҰ ұстанымдары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ еркіндігін және сөз еркіндігін ілгерілету қызметінің құрам бөлігі болып табылады.