Қазақстанда жастарға арналған «ЕҚЫҰ моделі» атты конференция басталуда.
«ЕҚЫҰ моделі» төрт күндік жастарға арналған конференция бүгін, 2020 жылдың 20 ақпанында, Нұр-сұлтан қаласындағы Назарбаев университетінде басталды. 35 қатысушы, олар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген магистранттар, докторанттар мен жас мамандар конференцияға қатысуда.
Бұл іс-шара қатысушыларға ЕҚЫҰ туралы өздерінің теориялық және практикалық білімдерін кеңейтуге, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздікке жан-жақты көзқарас ұстануын жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Қатысушылар ЕҚЫҰ қызметін, атап айтқанда, экономикалық және экологиялық салаларға бағдарланған жұмысын симуляция ойын ретінде келтіреді.
Аталған конференция Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисі және "БҰҰ Моделі Назарбаев Университеті" студенттік бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Талқылаулар кезінде шақырылған мамандар қатысушыларды ЕҚЫҰ-ның дауларды бейбіт жолмен реттеу үшін пайдаланылатын тетіктері жайы үйретеді және Ұйымдағы шешімдер қабылдау процесімен таныстырады. Қатысушылар келіссөздер, көпшілік алдында сөз сөйлеу және конструктивті диалог жүргізу шеберлігін дамытатын болады.
Конференцияның соңғы күні қатысушылар ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің жұмысын симуляция ойын ретінде келтіріп, ЕҚЫҰ аймағындағы жалған дағдарысты жағдайды шешуге әрекет жасайды. Қатысушылар ЕҚЫҰ институттары мен далалық миссиялары, сондай-ақ қатысушы мемлекеттер делегациялары басшыларының рөлін ойнайтын болады.
Іс-шара экологиялық басшылық секторындағы аймақтық ынтымақтастықтың бір бөлігі болып табылады және 2003 жылғы экономикалық және экологиялық өлшем бойынша Маастрихт стратегиялық құжатына сәйкес келеді, онда қабылдаушы елде қоршаған ортаның тозуы мәселесі қарастырылады. Конференцияның мақсаты-жастарды өз елдерінің қоғамдық және саяси өміріне белсенді қатысуға ынталандыру, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы және Орталық Азиядағы рөлін ілгерілету болып табылады.