Дереккөздер
ЕҚЫҰ Орталық Азия жастар желісінің 13-ші семинары (CAYN)
13 қыркүйек 2019
2019 жылдың 25-27 маусым аралығында Алматыда ЕҚЫҰ Орталық Азия жастар желісінің (CAYN) жыл сайынғы семинары өтті. Семинар тақырыбы "Диалог. Деректер. Цифрлық қауіпсіздік" мәселелеріне арналды. Іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Бішкектегі ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шараға Орталық Азия, Ауғанстан және Моңғолиядан келген 35-ке жуық CAYN түлектері мен студенттер қатысты. ЕҚЫҰ өкілдері, сондай-ақ Ауғанстаннан, АҚШ, Өзбекстан мен Украинадан келген сарапшылар, ЕҚЫҰ Хатшылығының мамандары мен жеке және азаматтық қоғам секторларының жетекші өкілдері қатысушылармен өздерінің білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті. Талқылаулар кезінде бас назар қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі диалог рөліне, басқару мен бизнестегі деректерді пайдалануға, сондай-ақ цифрлық қауіпсіздікке аударылды.