Қазақстандағы репатрианттарды оңалту мәселесі – Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ семинарының басты назарында
2019 жылдың 22 қарашасында Нұр-сұлтан қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған террористік белсенділік аймақтардан оралған репатрианттар және олардың отбасыларымен жұмыс істеу әдістері бойынша оқулықтардың презентациясына арналған семинар өтті.
Әдістемелік оқулықтар ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі, Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасының (PRI) аймақтық офисі және Ұлыбритания үкіметінің бірлескен қолдауымен әзірленді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталығының 30-ға жуық қызметкерлері қатысты. Олар семинар барысында террористік белсенділік аймақтарынан келетін репатрианттарды оңалту кезінде қолданылатын түрлі әдістерді талқылады.
Презентациялар репатрианттарды оңалту кезіндегі тәуекелдер мен қажеттіліктерді бағалау жүйесін, сондай-ақ әйелдер және балалармен психологиялық жұмыс жасау әдістерін қамтыды.
Іс-шара зомбылық экстремизм мен терроризмге алып келетін радикалданумен күреске бағытталған ұзақ мерзімді қолдау табатын жобалардың бір бөлігі болып табылады.