ЕҚЫҰ Алматыдағы қалдық қоймалардың қауіпсіздігін күшейту жөніндегі суб-аймақтық семинарды қолдады
ЕҚЫҰ қолдауымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) тау-кен өндірісі және қалдық қоймаларының қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі жобасы, шекара аралық салдарға ерекше назар аудара отырып, 2019 жылғы 21 қарашада Қазақстан, Алматы қаласында аяқталды.
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі БҰҰ ЕЭК және Қазақстанның Су бастамалары орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шараға Қазақстаннан, Ресейден, Тәжікстаннан, Түркіменстаннан және Қырғызстаннан 65 шенеунік қатысты.
БҰҰ ЕЭК сарапшылары БҰҰ ЕЭК тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін нығайту жөніндегі жобаларының ақырғы және аралық нәтижелерін ұсынды. Қазақстан мен Тәжікстанның шенеуніктері кен орындарының қауіпсіздігі туралы ақпаратпен және тәжірибемен бөлісті: жетістіктер, алынған сабақтар, қиындықтар және елдердің қажеттіліктері. Іс-шара сонымен бірге орнықты дамудың 2030 күн тәртібімен, оның тұрақты даму мақсаттарымен және 2015 - 2020 жылдарға арналған Сендай апаттар қаупін азайту шеңберімен байланысты ақпараттандыруды жақсартуға арналды.
Суб-аймақтық семинар Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Қазақстанда халықаралық конвенциялардың орындалуын ілгерілету, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның экологиялық қауіпсіздігі және елдегі апаттар қаупін азайту жөніндегі тұжырымдамасын қолдау бойынша тұрақты жұмысының бір бөлігі болып табылады.