Адам құқықтары мен трансұлттық қатерлер ЕҚЫҰ қолдауымен Нұр-Сұлтандағы жастар құқықтық форумының назарында
Жыл сайынғы ЕҚЫҰ қолдауымен өткен Адам құқықтары мен трансұлттық қауіпсіздік қатерлер арасындағы байланыс тақырыбындағы Халықаралық жастар құқықтық форумы 2019 жылдың 22 қарашасында Нұр-Сұлтанда аяқталды.
Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы мен Украинадан келген 50-ге жуық студенттер, ғалымдар, халықаралық және жергілікті құқық сарапшылары трансұлттық қатерлер мен сынақтарға қарсы тұру жағдайында адам құқықтарын қорғауды нығайту мәселелерін талқылады.
Үш күнге созылған іс-шара шеңберінде панельді пікірталас және заң студенттері арасындағы жарыс өтті. Онда олар терроризм, киберқылмыс және адам саудасы тәрізді трансұлттық қауіп-қатерге қарсы тұру үшін қажетті шараларға қатысты өз пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, қатысушылар қауіпсіз және тұрақты қоршаған ортаны қамтамасыз етудегі адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерді талқылады.
Форумды Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі мен М.Нәріқбаев атындағы КАЗГЮУ университетімен бірлесіп ұйымдастырды. Жастар арасында адам құқықтары туралы білім беру мен хабардарлықты алға жылжыту жөніндегі көпжылдық қызметінің бөлігі болып табылатын Жастар құқықтық форумына Бағдарламалар офисі осымен 13 жыл бойы қолдау көрсетуде.