ЕҚЫҰ браконьерлікке назар аудара отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тренингті қолдауда
2019 жылдың 15 қарашасында Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіруді күшейту мақсатында ЕҚЫҰ қолдауымен бес күндік оқыту курсы аяқталды.
Іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы, Алматы қалалық прокуратурасы және Жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша аймақтық хаб бірлесе отырып ұйымдастырды.
Курс браконьерлікпен күресу бойынша мемлекеттік құрылымдардың іс-қимылдарын үйлестіруге арналды. Қатысушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес патрульдеуді жүзеге асыру әдістерімен, заң бұзушыларды анықтау және браконьерлерді ұстаудың заманауи құралдары мен әдістерімен танысты.
Курсқа Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, Бас прокуратураның және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар әкімшіліктерінің 40-қа жуық өкілдері қатысты.
Жергілікті және шетелдік сарапшылар заңсыз аң аулаудың алдын алудың тәжірибелік мысалдарын талқылады және қатысушыларды халықаралық озық тәжірибелермен таныстырды. Курс аясында қатысушылар практикалық дағдыларды бекіту үшін Алматы мемлекеттік табиғи қорығына барды.
Аталған тренинг ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің экологиялық тиімді басқаруды алға жылжыту және браконьерлікке бас назар аудара отырып, жемқорлықпен күресуде қабылдаушы елге қолдау көрсету жөніндегі көпжылдық жұмысының бөлігі болып табылады.