Қорғану құқығы ЕҚЫҰ қолдауымен өткен адвокаттар ұлттық форумының назарында
15 қараша 2019 ж. Нұр-Сұлтан қаласында Адвокаттардың төртінші ұлттық форумы өтті. Форумды Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, Құқықтық саясатты зерттеу орталығы үкіметтік емес ұйымы және Республикалық адвокаттар алқасы бірлесіп ұйымдастырды.
200-ге жуық қатысушы, оның ішінде аймақтық адвокаттар алқаларының адвокаттары, парламент депутаттары, Әділет және Ішкі істер министрліктерінің өкілдері, Жоғарғы сот судьялары, ғалымдар, сондай-ақ жергілікті және халықаралық заң сарапшылары Қазақстанда қорғану құқығының тиімді іске асырылу мәселесін талқылады.
Талқылаулар қылмыстық іс процесіндегі сайыскерлік пен тараптардың теңдігі қағидаларын іске асыруға, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңнамасындағы қорғалу құқығының дамытуына арналды.
Қатысушылар заңгерлік кәсіптің кепілдігін қамтамасыз етудегі, оның дербестігі мен өзін-өзі реттеуді жетілдірудегі туындаған мәселелерге қатысты пікірлерімен бөлісті. Алқабилер сотының дамуы мен оның әділ сот төрелігіне қол жеткізудегі әсері ерекше назарға алынды.
«Қорғау құқығын тиімді іске асыру және қылмыстық процестегі адвокаттардың өкілеттіктері түрлі деңгейлерде талқылануы қажет мәселелердің бірі болып табылады», - деді. Қазақстан Республикалық адвокаттар алқасының төрайымы Кадыржан Баймұханова.
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалық офисі басшысының орынбасары Диана Дигол: «Әділ сот ісін жүргізу құқығы адвокаттардың рөліне және олардың білікті заң көмегін көрсету қабілетіне тікелей байланысты. Сондықтан қорғаушылардың процессуалдық құқықтары тиімді жүзеге асыру тетіктерін қажет етеді».
Ресей Федерациясы адвокаттардың федералды палатасының өкілі заңды көмек көрсетуде сандық технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Аталған іс-шара Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елдегі құқық үстемдігін нығайту және қылмыстық сот төрелігі реформасын қолдау жөніндегі көпжылдық күш-жігерінің бөлігі болып табылады.