ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлау кезіндегі халықаралық бақылаушыларға арналған семинарды қолдауда
Сайлау бақылаушыларының құқықтары мен міндеттері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған халықаралық бақылаушыларға арналған оқу семинары 2019 жылдың 12 қарашасында Нұр-Cұлтан қаласында өтті. Семинар ЕҚЫҰ / ДИАҚБ-тың сайлау бақылауына қатысты негізгі құралдарын пайдалануға негізделген.
Іс-шара Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен және ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) қолдауымен ұйымдастырылды.
Семинарға халықаралық бақылаушы ретінде тәжірибесі бар немесе болашақта осы салада жұмыс жасағысы келетін үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың 50-ден астам қатысушылары қатысты. Қатысушылар сайлау кезіндегі халықаралық бақылаушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін халықаралық және ұлттық құқықтық нормаларымен, сондай-ақ осы жылы сайлауда бақылау миссияларына қатысқан отандастарының тәжірибесімен танысты.
Іс-шара барысында қатысушылар сайлау кезіндегі ДИАҚБ-тың дауларды шешу құралдарымен танысты. Баяндамадан соң интерактивті сессия өткізілді, оның барысында қатысушылар техникалық мәселелер бойынша сарапшылардан кеңес алды, мәселелерді шешу бойынша сценарийлер құрды.
Аталған оқу семинар сайлау процедураларының ашық және жауапты болуын арттыру, ЕҚЫҰ ұстанымдары мен қағидаларына сәйкес демократиялық институттарды күшейту жолындағы ұзақ мерзімді жұмысының аясында өткізілді.