ЕҚЫҰ сөз бостандығы және Қазақстандағы өшпенділік тіліне жол бермеу бойынша сот өкілдеріне арналған семинар ұйымдастырды
Сөз бостандығы және Қазақстандағы өшпенділік тіліне жол бермеу бойынша сот өкілдеріне арналған семинар а.ж. 12 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында өткізілді. Іс-шара Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот Төрелігі Академиясы және «Құқықтық медиа-орталық» ҮЕҰ-мен бірлесіп ұйымдастырылды.
Еліміздің әр аймағынан келген жиырма бес сот өкілдері өшпенділік тілін сот арқылы реттеудің озық халықаралық тәжірибесімен танысты. Екі халықаралық сарапшы адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот өшпенділік тілі бойынша істерді қалай қарастыратыны туралы өз білімдерімен және тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушыларға өшпенділік тілі мәселесі бойынша ЕҚЫҰ қолдаған «Қазақстандағы өшпенділік тілі: статистика, сот тәжірибесі, ұсыныстар» атты жарияланым ұсынылды.
Осы іс-шараға қосымша 2019 жылдың 13 қарашасында Жоғарғы Соты жанындағы Сот Төрелігі Академиясы магистратурасының 60 студентіне арналған сөз бостандығы және өшпенділік тіліне қарсы әрекеттер бойынша дәріс ұйымдастырылады.
Іс-шара Офистің ЕҚЫҰ ұстанымдары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ еркіндігін және сөз еркіндігін ілгерілету қызметінің құрам бөлігі болып табылады.