ЕҚЫҰ Қазақстандағы құжаттардың қауіпсіздігі жөніндегі оқу тренингінің кезекті кезеңін аяқтады
Шекара қызметінің 20 офицеріне арналған құжаттар мен сәйкестендіру техникаларын анықтау бойынша жаттықтырушыларға арналған ЕҚЫҰ қолдаған жалған жол жүру құжаттарын анықтау және идентификациялау техникалары бойынша оқытушыларға арналған тренингінің үшінші кезеңі 2019 жылғы 8 қарашада Алматыда аяқталды.
Бес күндік іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің халықаралық есірткімен күрес және заңдылықты сақтау бағдарламасымен, Заңсыз есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына қарсы күрес Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіруші орталығымен, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қыметімен тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырды. Курсты ЕҚЫҰ Трансұлттық қауіп-қатерлер департаментінің Жол жүру құжаттарының қауіпсіздігі бойынша бағдарламасы қолдады.
Аустрияның Федералдық ішкі істер министрлігінен келген сарапшылар Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің офицерлеріне арналған арнайы бағдарламаны әзірледі. Қатысушылар жекелендіру әдістерін және құжаттарды қолдан жасау мүмкіндіктерін, паспорттарды дайындау кезіндегі ламинаттың қорғаныс элементтерін, оптикалық өзгеретін бейненің дифракциялық құрылғыларын, жарық және түстер теориясын, жол жүру құжаттарындағы биометрияны және жолаушыларды бағалау әдістерін зерделеді. Сарапшылар қатысушыларға нақты және жалған жол жүру құжаттарының үлгілерін талдау және бағалау үшін ұсынды.
Практикалық жаттығу кезінде қатысушылар жалған паспорттарды анықтау жолдарын, әр түрлі идентификациялау және фотосуретті салыстыру әдістерін пайдалана отырып пысықтады.
Сарапшылар қатысушыларға арнайы үлкейткіш құралдар мен USB-сандық микроскоптарды ұсынды.
Семинар осы жылдың басында Алматыда өткізілген құжаттардың қауіпсіздігі бойынша алдыңғы екі тренингтің жалғасы болып табылады.