ЕҚЫҰ түрмедегі халықты азайту және пробация кызметін дамыту жөніндегі II Орталық Азиялык Диалогты қолдауда
Түрмеде отырған халықты азайту және пробация кызметін дамыту жөніндегі II Орталық Азиялық диалогы а.ж. 28 мен 31 қазан аралығында Алматы каласында өткізілді. Іс-шара Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі, Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасының өкілдігі, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы (омбудсмен), БҰҰ Есірткі және қылмыс мәселелері жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), , Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігі, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан Республикаларының қылмыстық атқару жүйесі қызметтерімен бірлесіп өткізілді.
Конферецияның негізгі назары Орталық Азия елдері контекстінде пробация қызметінің жай-күйі мен даму перспективаларына бөлінді . Талқылау барысында басты көңіл пробация артықшылықтарына, оның тиімділігіне, қылмыстық-атқару жүйесі мен қамаудағыларды оңалтуға тигізіп отырған әсеріне бөлінді. Осыдан басқа қамауға алудын балама түрлерінің халықаралық тәжірибесі туралы сөз қозғалды.
Шараға 150-ге жуық уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, құқықтық мәселелер жөніндегі сарапшылар тобы, қызметтегі заңгерлер және халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Ұлыбритания, Грузия, Польша және Германиядан келген сарапшылар өз елдерінің тәжірибесімен бөлісіп, ұсыныстарын жасады.
Конференция Орталық Азия елдерінің қылмыстық-атқару жүйесінің өкілдері мен Қоғамдық Байқау Комиссиясы (ҚБК) және Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) өкілдеріне арналған оқыту семинарымен жалғастырылды. Жұмыс барысында қылмыстық-атқару заңнамасындағы құқық қолдану практикасы мен қамаудағыларды ұстай білу жөніндегі БҰҰ Ережелерін іске асыру мәселелері талқыланды.
Бұл іс-шара Қазақстанда қылмыстық сот төрелігі мен пенитенциарлық жүйелерін реформалауды қолдау жөніндегі Бағдарламалар офисі қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.