ЕҚЫҰ Қазақстандағы оныншы жыл сайынғы Жас Кэмпті қолдауда
Жастардың азаматтық және қоғамдық белсенділігі 2019 жылы 20 қазанда Алматыда аяқталған жыл сайынғы үш күндік Жас Кэмп (лагері) іс-шарасының басты назарында болды. Іс-шараға қатысу үшін төрт қалада өткізілген іріктеудің қорытындысы бойынша әлеуметтік бастамалар мен жобалардың өз идеяларын ұсынған отызға жуық жастар өкілдері шақырылды.
Олар биылғы Жас Кэмп шарасына қатысқан 70-ке жуық саясаттанушылар, журналистер, азаматтық қоғам белсенділері және коммуникация мен гендерлік мәселелер бойынша сарапшылардың арасында болды. Қатысушылар жастардың өспелі қажеттіліктері, алаңдаушылықтары және өзін-өзі іске асыру сияқты, сондай-ақ олардың әлеуметтік шеттетілу қаупін азайтуға қатысты мәселелерді талқылады. Армения, Қазақстан және Ресей Федерациясының сарапшыларымен өткен жеке пікірталас жастардың саяси және қоғамдық өмірге қатысуының негізгі трендтері мен тегеуріндері арналды.
Қатысушылар арнайы шақырылған спикерлермен сәтті әлеуметтік жобаларды қалай алға жылжыту және жүзеге асырудың шабыттандыратын мысалдары туралы әңгімелесуге мүмкіндік алды, сондай-ақ қаражат жинау және қоғамдық науқандардың құралдары туралы білді.
Жас Кэмп «Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі» үкіметтік емес ұйымы және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі бірлесіп, Сорос-Қазақстан Қоры мен Фридрих Эберт атындағы қорының қолдауымен ұйымдастырды.
Іс-шара Бағдарламалар офисінің қауіпсіздік пен дамуға қатысты мәселелерді шешуге жастарды тартуға бағытталған күш-жігерінің құрамдас бөлігі болып табылады.