ЕҚЫҰ Қазақстандағы ақпаратқа қол жеткізу мәселесі бойынша дөңгелек үстелді қолдауда
Парламенттен, Жоғарғы соттан, мемлекеттік органдардан, азаматтық қоғамнан, үкіметтік емес ұйымдар мен медиадан 45-ке жуық қатысушы 2019 жылғы 24 қазанда Нұр-Сұлтандағы ақпаратқа қол жеткізу мәселесіне арналған дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі «Құқықтық медиа-орталық» ҮЕҰ бірлесе отырып ұйымдастырды.
Іс-шара барысында Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен қолдау көрсетілген Қазақстандағы ақпаратқа қол жеткізу бойынша зерттеу нәтижелері "Құқықтық медиа-орталық" ҮЕҰ өкілдерімен ұсынылды. Қатысушылар сондай-ақ БАҚ туралы заңға түзетулер енгізгеннен кейін қандай өзгерістер туындағанын талқылады. Олар сондай-ақ Қазақстанның түрлі мемлекеттік органдарымен ресми ақпаратты ұсыну рәсімдерін зерделеп, мемлекеттік органдардың ақпарат беру жөніндегі сауалдарға жауаптардың жариялануына талдау жасады.
Литва журналистері одағының сарапшысы ақпараттың белсенді түрде немесе сұрау салуға жауап түрінде қалай берілетіні туралы тәжірибесімен бөлісті және басқа елдерде ақпарат беруді реттейтін кейбір сәттерді айтты.
Іс-шара Офистің ЕҚЫҰ ұстанымдары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ еркіндігін және сөз еркіндігін ілгерілету қызметінің құрам бөлігі болып табылады.