Пікір білдіру еркіндігі және жалған ақпаратқа жол бермеу – Қазақстанда ЕҚЫҰ ұйымдастырған семинарының назарында
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі MediaNet Халықаралық журналистика орталығымен бірлесе отырып, интернеттегі жалған ақпарат пен хабар таратуға қарсы әрекет жасау саясаты мен пікір білдіру еркіндігін қорғау бойынша іс-шарасы 2019 жылы 18 қазанда Нұр-сұлтан қаласында өткізілді.
Іс-шараға мемлекеттік органдардан, азаматтық қоғамнан, медиа және дипломатиялық корпус саласынан қырық беске жуық өкіл қатысты. Қазақстан, Қырғызстан және Украина сарапшыларымен бірге қатысушылар жалған жаңалықтар мен дезинформацияны таратудың құқықтық негіздерін, ақпаратты тексерудің тәжірибелік және сандық құралдарын, сондай-ақ deepfakes қолдану тәуекелдері мен мүмкіндіктерін зерделеді. Практикалық сабақ барысында семинарға қатысушылар жалған ақпараттық материалдар жасап және оны смартфондардағы арнайы қосымшаның көмегімен тексеріп, медиа өнімдердің шынайылығын қалай анықтау керектігін білді. Халықаралық сарапшылар басқа елдердің нақты мысалдарымен жалған жаңалықтарды таратуға байланысты жаһандық технологиялық үрдістер мен қауіптерді ұсынды.
Іс-шара журналистерді және мемлекеттік органдар өкілдерін Интернеттегі деструктивті қылықтарының зиянын, соның ішінде троллингті, кибербуллингті және өшпенділік тілін, азайту механизмдеріне үйретуге бағытталған. Семинар сондай-ақ мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат және азаматтық қоғам өкілдеріне, медиа саласындағы проблемаларды талқылау үшін БАҚ бостандығын қамтамасыз ету принципіне бас назар аудара отырып, платформа берілді.
Іс-шара Офистің ЕҚЫҰ ұстанымдары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ еркіндігін және сөз еркіндігін ілгерілету қызметінің құрам бөлігі болып табылады.