ЕҚЫҰ Қазақстанда Интернетте пікір білдіру еркіндігі және өшпенділік тіліне жол бермеу бойынша оқу курсын қолдауда
Интернеттегі пікір білдіру еркіндігі және өшпенділік тіліне қарсы тұру саясаты бойынша семинары 2019 жылғы 18 қазанда Атырау қаласында өткізілді. Іс-шара Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі қолдауымен «Құқықтық медиа-орталық» ҮЕҰ тең ұйымдастырылды.
Жиырмаға жуық журналисттер мен студенттер және азаматтық қоғам өкілдері БАҚ пен өшпенділік тіліне қарсы тұру саясатының арасындағы байланысты және үкімет, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат саласында жұмыс істейтін ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады.
Қазақстандық ұлттық сарапшылармен бірге қатысушылар журналистер пайдаланатын лексика үрдістерін анықтау үшін бірқатар арнайы таңдалған электрондық ресурс пен баспа БАҚ талдады. Өмірлік жағдайлардан алынған бұл зерттеулер қатысушылар үшін БАҚ стереотиптердің бұзушы әсерімен танысуға мүмкіндік берді.
Іс-шара журналистерді БАҚ беттерінде және интернетте өшпенділік тілімен күресу әдістеріне және интернет ортаның әлеуетті теріс әсерін және деструктивті қылықтарын, соның ішінде троллингті, кибербуллингті және өшпенділік тілін азайту механизмдеріне үйретуге бағытталған.
Іс-шара Офистің ЕҚЫҰ ұстанымдары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ еркіндігін және сөз еркіндігін ілгерілету қызметінің құрам бөлігі болып табылады.