Интернетте пікір білдіру еркіндігі және өшпенділік тіліне жол бермеу – Қазақстанда ЕҚЫҰ ұйымдастырған журналисттерге арналған оқу курсының назарында
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі «Құқықтық медиа-орталық» ҮЕҰ бірлесе отырып ұйымдастырған интернеттегі пікір білдіру еркіндігі және өшпенділік тіліне қарсы тұру саясаты бойынша іс-шарасы 2019 жылғы 27 қыркүйекте Семей қаласында өткізілді.
Жиырмаға жуық журналисттер және азаматтық қоғам өкілдері БАҚ пен өшпенділік тіліне қарсы тұру саясатының арасындағы байланысты және үкімет, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат саласында жұмыс істейтін ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады.
Қазақстандық ұлттық сарапшылармен бірге қатысушылар журналистер пайдаланатын лексика үрдістерін анықтау үшін бірқатар арнайы таңдалған электрондық ресурс пен баспа БАҚ талдады. Өмірлік жағдайлардан алынған бұл зерттеулер қатысушылар үшін БАҚ стереотиптердің бұзушы әсерімен танысуға мүмкіндік берді.
Іс-шара журналистерді БАҚ беттерінде және интернетте өшпенділік тілімен күресу әдістеріне және интернет ортаның әлеуетті теріс әсерін және деструктивті қылықтарын, соның ішінде троллингті, кибербуллингті және өшпенділік тілін азайту механизмдеріне үйретуге бағытталған.
Осыған ұқсас семинар 2019 жылдың қазан айында Ақтөбеде өтетін болады.
Іс-шара Офистің ЕҚЫҰ ұстанымдары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ еркіндігін және сөз еркіндігін ілгерілету қызметінің құрам бөлігі болып табылады.