ЕҚЫҰ Орталық Азиядағы климаттың өзгеруіне бейімделу және оның салдарын жұмсарту жөніндегі өңірлік семинарды қолдайды
Экологиялық қауіпсіз практикаларды ынталандыру үшін климаттың өзгеруіне бейімделу және оның салдарын жұмсарту жөніндегі құқықтық мәселелерді жетілдіру 26-28 қыркүйек аралығында Қазақстанның Алматы қаласында өтетін жыл сайынғы үш күндік оқу семинарының тақырыбы болып табылады.
Іс-шараны Қазақстан-Неміс университетімен бірлесе отырып, ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі ұйымдастырды. Іс-шараға қоршаған ортаны қорғауға, климаттың өзгеруіне және су ресурстарын басқаруға жауапты Орталық Азия мен Ауғанстаннан келген 20 жуық мемлекеттік өкілі қатысты. Қатысушылар климатты басқарудың тиімді әдістерін, экожүйе және құқық қорғау шараларын талқылайды. Тренерлер инновацияларды, сондай-ақ нарықтық және нарықтық емес құралдарды қолдану арқылы Париж келісімін ілгерілетуге көңіл аударды.
Тренинг-семинар 2019 жылдың қыркүйегінде өткізілген жас көшбасшыларға арналған Орталық Азия көшбасшылығы бағдарламасының жалғасы болып табылады. Бағдарлама климаттың өзгеруі контексінде өңірлерден келген жас өкілдердің әлеуетін нығайтуға бағытталған болатын.
Бұл іс-шара Орталық Азия мен Ауғанстанда жастарды тарту және қоршаған орта саласындағы көшбасшылықты ілгерілету жөніндегі Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді күш-жігерінің бір бөлігі болып табылады.