ЕҚЫҰ Қазақстандағы адвокаттарға арналған оқыту тренингін қолдауда
ЕҚЫҰ қолдауымен адвокатура өкілдеріне арналған адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының білікті құқықтық қорғалуы жөніндегі оқыту тренингі 2019 жылғы 14 қыркүйекте Алматы қаласында аяқталды.
Екі күндік іс-шараны Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы адвокаттар алқасының қолдауымен ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі және Құқықтық саясатты зерттеу орталығы үкіметтік емес ұйымы ұйымдастырды.
Адвокаттарға тиімді оқыту дағдыларын үйрету бойынша жаттықтырушылар курсының (ToT) екінші кезеңі болып табылатын оқыту полигонына 40-қа жуық қатысушы қатысты. Сессияларды ТОТ-ның үздік тоғыз түлегі өткізіп, тиімді оқыту бойынша үйренген дағдыларын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік алды.
Пікірталас барысында адвокаттардың құқықтық қауіпсіздігінің кепілдіктері, қылмыстық істер бойынша білікті заң көмегін алу, адвокаттар жұмысындағы жасырын тергеу рәсімдерін талдау және сотқа дейінгі іс жүргізудегі заманауи технологиялардың рөлі туралы мәселелер талқыланды. Ерекше назар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қылмыстық іс жүргізудегі адам құқықтары туралы халықаралық конвенцияларды іс жүзінде қолдануға аударылды.
Оқыту іс-шарасы қабылдаушы елдегі құқық үстемдігі мен әділ сот ісін жүргізу стандарттарын нығайту жөніндегі ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің ұзақ жылғы күш-жігерінің бөлігі болып табылады.