ЕҚЫҰ Қазақстанда соттар мен БАҚ арасындағы коммуникацияларды нығайту бойынша оқыту семинарларын өткізуді жалғастыруда
ЕҚЫҰ қолдаған соттар мен БАҚ арасындағы диалог пен ынтымақтастықты ілгерілету бойынша оқыту семинары 2019 жылы 2 тамызда Щучинскіде, Ақмола облысы аяқталды. Қостанай мен Нұр-Сұлтан қалалары, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан және Павлодар облыстарынан келген қырыққа жуық судья-үйлестірушілер, баспасөз-хатшылары, журналисттер мен блогерлер осы іс-шараға қатысты.
Үшкүндік оқыту семинары соттар мен БАҚ арасындағы тиімді коммуникациялық стратегиялар, әр түрлі каналдар мен алуан түрлі мәнмәтіндер арқылы журналисттер мен жұртшылықпен өзара әрекеттесу бойынша ең үздік тәжірибелер, сот процестерін жарықтандырудағы БАҚ-тың рөлі, сондай-ақ сот актілеріне қолжетімділік үшін өтініштерді дұрыс ресімдеу және дәстүрлі мен әлеуметтік медианы қолдану мәселелерін ілгерілетуге бағытталды.
Румыниядан келген сарапшы жекелеген еуропалық елдердегі халықтың сот жүйесіне сенімділік деңгейін арттырудағы тәжірибемен бөлісті, сондай-ақ сот билігі органдарының қоғам және БАҚ-пен коммуникациялары мен өзара әрекеттесуінің халықаралық стандарттарын атап өтті.
Сонымен бірге қатысушылар сұхбаттар мен баспасөз конференцияларына дайындалу, шиеленіс жағдайларды шешу және әлеуметтік желілердегі критикалық материалдарға ден қою тәсілдерін үйренді, және де бірқатар тәжірибелік кейстерді қарастырды.
Қорытынды оқыту семинары еліміздің батыс өңірі үшін 2019 жылғы 8-9 тамызда Ақтау қаласында өтетін болады.
Семинарды Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, Жоғарғы сот, Қазақстандағы Фридрих Эберт қоры, Қазақстанның Сот журналисттері лигасы, Интерньюс Қазақстан, Американдық заңгерлер ассоциациясы және АҚШ Халықаралық даму агенттілігі (USAID) бірлесіп ұйымдастырды.
Семинар қабылдаушы елдегі соттар мен БАҚ арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету бойынша Бағдарламалар офисінің көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.