ЕҚЫҰ Алматы облысындағы экологиялық проблемаларды талқылау жөніндегі дөңгелек үстелді қолдауда
2019 жылғы 29 шілдеде Талдықорғанда ЕҚЫҰ қолдауымен 35-ке жуық жергілікті билік органдары, бизнес қоғамдастық және экологиялық ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен Алматы облысындағы экологиялық проблемаларды талқылау жөнінде дөңгелек үстел өтті.
Бір күндік іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Экологиялық ұйымдар қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Аталған іс-шараның басты назары болашақта Шарын шатқалында туристік инфрақұрылымды дамытуға және инфрақұрылымның жергілікті ландшафт пен биоалуантүрлілікке әлеуетті әсеріне бағытталды. Сондай-ақ қатысушылар Алматы облысындағы ағымдағы экологиялық проблемаларды және мемлекеттік өкілдермен, экологиялық көшбасшылармен және туризм индустриясының өкілдерімен талқылау барысында оларды шешу тәсілдерін талқылады.
Іс-шара қабылдаушы мемлекеттегі экологиялық қауіпсіздікті нығайту үшін Бағдарламалар офисінің «жасыл» экономика қағидаттарын ілгерілету және тұрақты даму қағидаттарын енгізу бойынша ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлігі болып табылады.