ЕҚЫҰ Қазақстанда қатты және органикалық қалдықтарды басқару бойынша дөңгелек үстелді қолдауда
Щучинск-Бурабай және Баянауыл курортты аумақтарындағы қалдықтарды басқару бойынша алдыңғы қатарлы технологиялар мен практикалар 2019 жылдың 2 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен өткізілген дөңгелек үстелдің басты назарында болды.
Аталған іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарлама офисі Халықаралық Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығымен серіктестікте ұйымдастырды.
Іс-шараға үкіметтің, әкімдіктердің, қонақ үй индустриясының және азаматтық қоғамның 60-қа жуық өкілі қатысып, оның барысында қатысушылар органикалық және қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен өңдеудің негізгі мәселелері мен салаларын анықтады. Офис қазіргі таңда Қазақстанда пайдаланылып отырған қалдықтарды басқару талдауы мен ЕҚЫҰ қатысушы елдердің озық тәжірибелері негізіндегі ұсыныстарын жасаған халықаралық және ұлттық сарапшылардың қатысуын қолдады.
Іс-шара ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елде жасыл экономика мен тұрақты даму ұстанымдарын ілгерілетуге бағытталған ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.