ЕҚЫҰ Қазақстандағы қаржы пирамидасына қарсы іс-қимыл жөніндегі оқу семинарын қолдауда
Қаржы қаражаттарын тарту саласындағы реттеу мәселелері және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі ЕҚЫҰ қолдау көрсеткен оқу семинары 2019 жылғы 12 шілдеде Алматы қаласында өтті.
Біркүндік іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстанның Ұлттық банкімен бірлесіп ұйымдастырды. Оған Қазақстанның Ұлттық Банкінің жиырмаға жуық өкілі қатысты.
ЕҚЫҰ Молдова мен Словакиядан келген халықаралық сарапшылары қатысушыларды қаржы нарықтары мен капитал нарықтарындағы қаржы пирамидаларының түрлерімен және тәсімдерімен, сондай-ақ реттеуші орган тарапынан оларды айқындау, бұғаттау және алдын алу тәсілдерімен таныстырды. Сонымен қатар олар қатысушылардың назарын жаңа қаржы технологияларымен байланысты туындайтын тәуекелдерге және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жолдарына аударды.
Аталған семинар Бағдарламалар офисінің қаржылық алаяқтықтың алдын алуға және қаржы секторында ашықтықты қамтамасыз етуге ерекше көңіл аудара отырып, тиісті басқаруды алға жылжыту бағытындағы көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.