ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтанда адам құқықтары мен киберқауіпсіздікке арналған жазғы мектепті қолдауда
Заң мамандығы студенттері мен жас зерттеушілер үшін адам құқықтары мен киберқауіпсіздік қарым-қатынасы тақырыбына арналған жазғы мектеп ЕҚЫҰ қолдауымен 2019 жылы 8 шілдеде Нұр-Сұлтанда басталды.
Осы бес күндік жазғы мектеп барысында Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясынан келген 30 заң мамандығы студенттері мен жас зерттеушілері киберкеңістікте адам құқықтарын дамытудың және жүзеге асырудың аспектілері туралы білімдерін толықтырады. Қатысушылар ғаламторды басқару саласындағы ұлттық және халықаралық саясатты және одан туындаған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен пайдаланудың қиындықтары мен мүмкіндіктерін талқылайды. Талқылаулар киберқауіпсіздіктегі жеке өмір ашықтығы, дербес деректерді қорғау, сондай-ақ онлайн қауіпсіздікті жетілдірудегі тәжірибелер мен қадамдар туралы жүргізіледі. Қатысушыларға адам құқықтары мен киберқауіпсіздік мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық бойынша бірыңғай жобаны әзірлейді.
Ұлттық сарапшылар сот процесінде цифрлық дәлелдерді жинау және талдау, сондай-ақ мәмілелердің орындалуын автоматтандыру мәселелері туралы сөз қозғайды.
Академиялық және мәдени бағдарламаны біріктіретін жазғы мектепті М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті мен Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі ұйымдастырды.
Іс-шара Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елдегі адам құқықтары саласындағы білім алуға қолдау көрсету бойынша ұзақ мерзімді қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.