ЕҚЫҰ Қазақстанда жағалау күзетін жалған құжаттарды анықтау бойынша оқытуда
Жалған жол жүру құжаттарын анықтау және сәйкестендіру техникалары бойынша бес күндік ЕҚЫҰ оқыту тренинг-семинары 2019 жылғы 28 маусымда Ақтауда аяқталды.
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жағалау күзетінің он тоғыз офицері осы курсқа қатысты. Семинарды Аустрия Ішкі істер федералды министрлігінің мен Теңіздегі заңсыз іс-қимылды болдырмау бойынша НАТО Оқу орталығының (NMIOTC) жол жүру құжаттарының қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңесшілердің сарапшы тобы өткізді. Іс-шара теңіз құжаттарының халықаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әлеуетін арттыруға және теңіздегі бақылауға алынған жол жүру және басқа құжаттардың бұрмалауын анықтауға бағытталды.
Каспий теңізіндегі жағалау күзеті бөлімшелерінен келген қатысушылар теңіз құжаттамасы талап ететін қорғаныс элементтері қосылған қағаз өндіру үрдістерімен, құжаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қағаз және полимерлі төсемдерді пайдаланумен, дәстүрлі баспа әдістерімен, фотоқорғаныспен және екінші реттік тексеріспен танысты.
Оқу бағдарламасы қатысушыларға өздерінің жаңа білімдерін қолдану мүмкіндігін бере отырып, тәркіленген бұрмаланған құжаттармен және көптеген елдердің түпнұсқа жол жүру құжаттарымен тәжірибелік жаттығуларды қамтыды.
Семинар ЕҚЫҰ Трансұлттық қатерлерге қарсы әрекет ету жөніндегі департаментінің Жол жүру құжаттарының қауіпсіздігі бойынша бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Оны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары Елшілігінің Халықаралық күрес және заңдылықты сақтау жөніндегі бөлімімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен ынтымақтастықта өткізді.
Бұл іс-шара Қазақстанда ЕҚЫҰ-ның шекаралар қауіпсіздігі тұжырымдамасын алға жылжыту бойынша Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді күш-жігерінің бөлігі болып табылады.